Сотталғандарға жеке және кәсіби қасиеттерін дамыту бойынша семинар-тренинг

Астана қаласы Байқоңыр ауданының пробация қызметі «Право» қоғамдық қорымен бірлесіп жеке және кәсіби қасиеттерді, өмірлік маңызды дағдыларды дамыту, сондай-ақ түйіндеме жасау техникасы бойынша семинар-тренинг ұйымдастырды.

Іс – шараның негізгі мақсаты-есепте тұрған  тұлғаларды өзін-өзі таныстыру тәсілі ретінде түйіндеменің маңыздылығы туралы хабардар ету, жастарды өз бетінше жұмыс іздеуге ынталандыру деңгейін арттыру.

Семинар барысында түйіндеменің құрылымы, стилі, дұрыс жазылуы және ресімделуі мәселелері талқыланды.

Семинар қатысушыларына әлеуетті жұмыс беруші үшін кәсіби дағдыларға, жұмыс тәжірибесіне, біліміне және жұмысқа орналасуға адамның кандидатурасын қарау кезінде талап етілетін және жұмыс берушінің назарын өзіне аударуға мүмкіндік беретін басқа да ақпаратқа қатысты ең маңызды фактілерді қысқаша баяндау қажеттілігі туралы хабардар етілді.

Семинар барысында алынған ақпарат пен ұсыныстар жұмыссыз азаматтарға өз түйіндемелерін жасауға көмектесті.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...