17 қаңтарға арналған ауа раы болжамы

Синоптиктер 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Солтүстік-батыс антициклоны әсер ететіндіктен еліміздің барлық аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың шығысында атмосфералық фронтальды ағындардың өтуімен қар жауады, жел күшейіп, боран соғады», — делінген хабарламада.

Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен республиканың оңтүстігінде тұман болады.

Түнде солтүстікте, шығыста, Жетісу облысы мен Алматы облысының таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыстан соғатын жел секундына 2-7 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -11-13 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -5-7 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -5-7 градус болады.

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...