Елімізде 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады

Қазақстанда 18 қаңтарда теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазтелерадио» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«18 қаңтарда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутник, цифрлық және аналогты эфир желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында Қазақстанның барлық аумағында теле-радиоарналар жұмысы уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұндай жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі.

«Тоқсандық жоспарлы-профилактика жұмыстары сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Осы кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар сапалы теле-радио хабарын тарату үшін қажет», — деді «Қазтелерадио» баспасөз қызметі.

«Заң және тәртіп», инклюзия және сайлауды цифрландыру: партиялар қандай тақырыптарды талқылады

Демалыс күндері партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып,...

«Закон и порядок», инклюзия и цифровизация выборов: какие темы обсуждали партии

В выходные партии продолжили встречи с жителями и трудовыми...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди осуждённых прошёл айтыс

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай среди...

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...