Иранда министрдің бұрынғы орынбасары өлім жазасына кесілді

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Алиреза Акбари өлім жазасына кесілді. Ел билігі Акбари Ұлыбританияға жасырын түрде қызмет етті деп айыптаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еuronews.com сайтына сілтеме жасап.

Акбари дарға асу арқылы өлім жазасына кесілгені туралы ирандық БАҚ-тар жазған, алайда оның нақты қай күні өткені белгісіз.

Аятолл режимі Акбари «МИ-6-ның» маңызды агенттерінің бірі екенін, ол жасырын қызмет еткені үшін екі миллион еуро көлемінде сыйақы алғанын айтады. Үш жыл бұрын қамауға алынған экс-шенеуніктің екі азаматтығы болған екен.

Бұған дейін Иранда Алиреза Акбаридің ядролық физик Мохсен Фахризаденің өліміне қатысы бар екенін дәлелдейтін видео тараған болып шықты. БАҚ-тардың мәліметінше, видеода Акбари қылмыс жасағанын мойындаған.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...