12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жоқ! — деп айтуды үйрен

Достар, замандастар!

           Қоғамның басты байлығы − дені сау адам. Бүгінгі біздің мақсатымыз − білім алу. Жақсы оқып, жаңашылдықты үйрену. Оған уақыт та, мүмкіндік те мол. Ұстаздарымыз оқысын, білсін, деп әр сабағын мазмұнды өткізуге асығады. Мұның бәрі біздің жарқын болашағымыз үшін. Ертеңгі күні денсаулығымызды құртпай, бақытты өмір сүруіміз үшін жасалуда.

           Нашақорлық − өте қауіпті. Есірткіні бір рет тұтынған адам, құтыла алмай қалуы мүмкін. Ол адамның ағзасын ғана емес, санасын, ой-өрісін улайды. Оның соңы өміріңмен қош айтысуға әкеледі. Қазір есірткінің синтетикалық түрі көп. Дәріге ұқсас жасалған. Заңсыз есірткі сатушылар әлеуметтік желі арқылы жастарды арбауда. Сағанда есірткі ұсынса, жоқ!, − деп айтуды үйрен! «Дені саудың − жаны сау» деп бекер айтпаған. Өз денсаулығымызға қауіп төндірмейік! Дене шынықтыру сабағынан қалмай, басқада спорттық үйірмелерге қатысайық!

           Өмір бізге бір рет берілетін құнды уақыт. Сондықтан әрбір сәтін пайдалы іспен өткізу қажет. Мен өскенде білікті маман болуды армандаймын. Айқын мақсаттарымда бар. Арманыма жету жолда еш зиянды әрекеттердің кедергі болғанын қаламаймын.

Абай Құнанбаев «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп әркез өзіңе деген сенімділікті жоғалтпауға шақырады. Менің ойымша оқушы жат қылықтан бойын аулақ ұстауы үшін оның бос уақыты тиімді өтуі керек. Сондықтан әрбір күнімізді жоспарлап, мазмұнды өткізейік!

Аялуы жас дос!

Мен есірткісіз болашақты таңдаймын! Сіздерді де салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Есірткі шегіп ессіздік танытпайық!

#ЕсірткігеҚарсыБайқау

Асылзат СӘБИТОВА,
№28 орта мектептің 9 сынып оқушысы,
Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...