12.01.2023 жылы Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының кызметкерлерімен №24 «Ақтөбе-Алматы» бағытындағы жолаушылар поезның №7 вагонда Ақтөбе станциясынан Шымкент станциясына дейін жол жүріп бара жатқан 1996 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны заңнамасын бұзғанын анықтаған.
Аталған құқықбұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігіне сәйкес, Шетелдіктің заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінгені ҚР халықтық көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшінікімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. 13.01.2023 жылы Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған құқықбұзушыға 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.