Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты

Вячеслав Салий, Асан Ескендіров және Айгүл Қыдырбаева Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев ұсынылған кандидаттар бұдан бұрын конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында талқыланғанын айтты.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп бұл судьялар басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатылуы керек екенін айтты.

Осы орайда Парламент Сенатының қарауына Асан Ескендіровті, Айгүл Қыдырбаеваны, Вячеслав Салийді Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату ұсынымы енгізілді.

Палата депутаттары аталған ұсынымға қолдау білдірді.

Асан Ескендіров пен Айгүл Қыдырбаева Конституциялық Соттың судьялары қызметіне, Вячеслав Салий Қостанай облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық - бұл лаузымды адамның немесе мемлекеттік қызметкердің...

Региональный кадровый резерв города Алматы: путь к профессиональному успеху

Момент зачисления в резерв: что изменилось в вашем восприятии...

Алматыда мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

2026 жылғы 20 маусымда Алматы қаласында «Адал азамат» тұжырымдамасын...

В Алматы стартовала Спартакиада среди государственных служащих

20 июня 2026 года в Алматы стартовала традиционная спартакиада...

ПРОВЕДЕНО ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ СОВЕТА ПО ЭТИКЕ

В соответствии с повесткой дня были заслушаны результаты мониторинга...