Ақтөбе облысының тұрғыны есірткі пайдаланғаны үшін жазасын қоғамдық жұмыспен өтеуде

Есірткі пайдаланғаны үшін 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу жазасы тағайындалып, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебіне алынған аудан тұрғыны пробация қызметкерлерінің бақылауымен жазасын қоғамдық жұмыспен өтеп жүр. Пробация қызметкерлерінің айтуынша, есепте тұрған азамат күніне 4 сағаттан жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарда қар аршу, қоқыс тазалау секілді жұмыстарды атқаруда.

«Қоғамдық жұмыспен айналысу үшін сотталғандардан еңбек біліктілігі талап етілмейді және есепте тұрғандар тұрғылықты жері бойынша қоғам үшін пайдалы түрде жазасын өтейді. Яғни, егер есепте тұрған азамат ауылда тұрса, қылмыс жасаған жеріне қарамастан сот белгілеп берген қоғамдық жұмыс сағаттарын тұрғылықты жері бойынша өтейді», – дейді Мәртөк аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Серік Шабиков.

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Абай күніне арналған әдеби кеш өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Би әрі дала заңгері болған – ұлы Абай атамыз!

Бүгін ұлы Абай Құнанбайұлының туған күні. Ғұлама Абай – қазақ...