Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күшін жойды

Конституциялық сот Парламент депутаттары тобының өтінішін қарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституциялық соттың сайтындағы мәлімет бойынша, депутаттар тобы 5 қаңтарда Конституцияның 62-бабының 4-тармағына ресми түсініктеме беруді сұрады. Сондай-ақ депутаттар «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?» деген сұраққа жауап беруді сұрады.

«2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады«, — делінген Конституциялық соттың қаулысында.

Еске салайық, Мәжіліс 2022 жылғы 28 желтоқсанда Тұңғыш Президент — Елбасы туралы заңның күшін жою туралы құжатты қарауға қабылдады.

Мендыбай ага отправился в путь к новому Курултаю: начато испытание длиною в более чем тысячу километров

10 августа известный казахстанский ультрамарафонец Мендыбай Алимгазинов вместе с...

Меңдібай аға жаңа Құрылтайға жол тартты: ұзындығы мың шақырымнан асатын сынақ басталды

10 тамызда танымал қазақстандық ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге...

Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы

10 тамыз – қазақтың ұлы ойшылы, ақын, ағартушы, философ...