Жаза мерзімі аяқталған бес азаматқа бостандыққа бейімделуге қатысты түсіндірме жұмысы жүргізілді

Қылмыстық атқару саласына қарасты №37 мекемесі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын « Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы өтті.

Жобаға жаза мерзімі аяқталған 5 сотталған қатыстырылды.

Кездесуге жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арнайы шақыртылды.

Келген мамандар бостандықққа шыққалы тұрған азаматтарға босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттерін, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығында жағдайларға бейімдеу жұмыстары және ҚР-ның «Халықты еңбекпен қамту туралы » Заңына сәйкес мемлекеттік өкілеттік органдардың делдалдығы арқылы азамттардың жұмыссыздықтан қорғалуына, жұмыс таңдауына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге кепілдік беретіндігі, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер туралы, « Жұмыспен қамту 2021жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы, негізгі міндеттері және бұл жобаға кім қатыса алатындығы жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.

Сондай-ақ, жоба аясында бұл азаматтардың денсаулық жағдайы, білім деңгейі, тұрғылықты жерінің болуы зерделенді.

Осыған сәйкес, оған көрсетілетін әлеуметтік – құқықтық көмектің көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер жинақталды.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...