Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемесінде жасақтар арасында конкурстық негізде «Жаңа жылдық маска -музыка-би шоу» қорытынды концерті өткізілді.
Жаңа жылдық кеш қарсаңында, мекеме клубының сахна төрінде нағыз ғажайыптар орын алды. Ән айтылып, би биленды, мекеме өміріне белсенді атсалысқан жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдер марапатталды.
Іс-шараның жалғасында, көрермендер сүйікті жаңа жылдық фильмдер мен ертегілер негізінде, отрядтардың қойылымдарындағы кейіпкерлерді қуана қарсы алды.
Кеш соңында, мекеме әкімшілігі өкілдерінен құрылған әділ қазылар алқасы конкурс ұпайларын жариялап, жеңімпаз жасақтарды жариялады. Бір жылғы қорытынды ұпай бойынша 1 орынды №5 жасақ иеленді. Әкімшілік өкілдері жыл жеңімпаздарын мақтау қағазы мен әр түрлі естелік сыйлықтармен марапаттап, жазасын өтеп жатқан әйелдерді, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.


