Қазақстанда коронавирусқа байланысты қандай шектеулер енгізілуі мүмкін

Бас санитария дәрігері – денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова елімізде коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ағымдағы және жоспарланған шектеу шаралары туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОҚК-де өткен брифингте сөйлеген вице-министр Қазақстанда желтоқсанда қарашамен салыстырғанда аурушаңдық 2,3 есеге – 2169-дан 5127 жағдайға өскенін айтты. Күніне 300-ге дейін КВИ+ және 20-ға дейін КВИ- жағдайлары тіркеледі.

«Коронавирус инфекциясына қатысты қолданыстағы шектеу шараларына сәйкес, R индикаторы 1-ден жоғары тіркелген кезде халық көп жиналатын орындарда маска тағу ұсынылады. Өңір «сары» аймаққа ауысқанда, ұжымдарға қатысты шара қолданылады, бұл жақын қарым-қатынастағы адамдарды, вакцинаға абсолют қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру, білім беру ұйымдарында топтарды біріктіретін іс-шараларды өткізуге жол бермеу», — деді Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Сондай-ақ, еліміздің бас санитария дәрігерінің айтуынша, өңірлер «қызыл» аймаққа көшкен кезде шектеу шаралары қабылданады: жиналыстардың онлайн форматқа көшуі, жабық орындарда, көліктің барлық түрлерінде бетперделерді міндетті түрде тағу, жабық мекемелерге баруға шектеулер енгізу, нысандарда Ashyq қосымшасын міндетті түрде қолдану, сондай-ақ іс-шаралар кезінде нысандардағы адам санын 50 пайыздан асырмай шектейтін қызметкерлердің 30 пайызын қашықтағы жұмыс түріне ауыстыру.

«Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 12 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы мен барлық өңірлер «жасыл» аймақта болды, алайда R индикаторы республиканың 15 өңірінде бірден жоғары. Жетісу, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқасында», — деп қосты Айжан Есмағамбетова.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...