28 желтоқсанға арналған ауа райы

Синоптиктер 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚР батыс өңірлері солтүстік-батыстан ауысатын циклон жырасының ықпалында болатындықтан, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуіне байланысты қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», — делінген Қазгидромет хабарламасында.

Республиканың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде — көктайғақ болып, батысында, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап қар жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -16-18, күндіз -9-11 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз +2+4 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +6+8 градус болады.

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...