Қылмыстық атқару жүйесіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде РжКБ-нің қызметкерлері тарапынан қамаудағылардың қолданылуына тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіріп кетпуіне жол бермеу мақсатында, елеулі жұмыстар күшейтілген түрде жүргізілуде.
Әйтсе де, іште ұсталынып отырған азаматтарға келушілер тарапынан, тыйым салынған затты алып келу фактілері анықталуда.
Атап айтсақ 15.12.2022 күні сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесіне келген Т.есімді азаматтың әкелген тамақ өнімдері ішінен тыйым салынған зат табылды.
Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған 1987 ж туылған Қызылорда қаласының тумасы болып шықты.
Ол өзінің осы мекемеде ҚР ҚК — нің 99 — бабы 1- бөлігімен айыпталған 1997 ж танысына сәлем- сауқат әкелген болатын.
Мекеменің бақылаушы қызметкерлері сәлем — сауқаттарды қабылдау кезінде қырағылық танытып, әкелінген тағамдарды жіті тексеруінің нәтижиесінде тыйым салынған затты тәркіледі.
Яғни, әкелінген қуырылған картоп ішінен фольгаға оралған 1 дана 16 ГБ флешканы жасырып қойғаны анықталды.
Анықталған дерек негізінде, бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.


