Қызылордада пробация қызметкері «Құқық қорғау» номинациясын иеленді

Жаңақорған санаторииі конференция залында аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының қатысуымен «Жаңақорған жастары-жаңғыру жолында» аудан жастарының дәстүрлі ХІІ форумы өтті.

Форумда Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда айрықшы жетістікке жеткен ауданның 10 жасына аудан әкімінің «Жаңа толқын» жастар сыйлығы, гүл шоқтары мен сттуетка және қаржылай сертификат табысталды. Осы форумда «Құқық қорғау» номинациясымен Жаңақорған аудандық пробация қызметінің психологы әділет лейтенанты Самат Құрымбаев марапатталды. Ол «Жана толқын» жастар сыйлығы байқауына құжаттарын тапсырып бағын сынаған.

Комиссия шешімімен аудан көлемінде пробациялық бақылау белгіленген жастармен мәдени, рухани, танымдық шараларды белсене ұйымдастырған, әділет лейтенанты Самат Құрымбаев қаншама жастың арасынан жеңімпаз деп танылып, «Құқық қорғау» номинациясын иеленді. Антына адал қызмет етіп жүрген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі әділет лейтананты Самат Құрымбаевтың әлі де алда алар асуы мен бағындырар биігі алда екені сөзсіз.

«Нысанды киім кисем деген арман-мақсатыма жеттім. Қай сала болса да өзінің қиындығы болады. Қиын салада еңбек етіп жүрсем де, еңбегім еленіп, марапат төрінен көрініп жатырмын. Антыма адал болып, Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» — деп ағынан жарылды Самат Нұрмұратұлы

Судьялар одағына — 30 жыл!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының құрылғанына биыл 30 жыл толып...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

«Платишь – молчишь. Эта эпоха заканчивается»

Максут Насибулов - о реформе жилищного управления, исчезающих деньгах...

Обжалование подзаконных нормативных правовых актов в административном судопроизводстве

17 декабря 2025 года в законодательство Республики Казахстан внесены...

Пробация қызметінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде пробация...