Қазақстанда электрмобильдерге тегін автотұрақтар бөлінбек

Қазақстанда электрмобиль иелеріне ақылы автотұрақтардан тегін орындар берілмек, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы министрдің міндетін атқарушы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серікәлі Мұқатаевтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

РЕКЛАМА

Үкімет Астана мен Алматы қалаларының экологиялық мәселелерін кешенді шешудің жол картасын әзірлеп, бекіткені хабарланды. Онда электрмобильдерге көшуді ынталандыру шеңберінде келесі шаралар көзделген:

  • газ-моторлы отынмен және электр қозғалтқыштарымен жұмыс істейтін қалалық қоғамдық көліктің үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуіне қарай дизель отынымен жүретін автокөлік құралдарын сатып алуды кезең-кезеңмен шектеу (жауапты орындаушылар — Алматы және Астана әкімдіктері);
  • электрмобильдерге инфрақұрылымды дамыту және ынталандыру іс-шаралары (жауапты орындаушы — Алматы әкімдігі);
  • «электрмобильдер тұрағы» арнайы белгісін әзірлеу және электромобильдер үшін тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтарда тегін орындар бөлу (жауапты орындаушылар — Алматы және Астана әкімдіктері).

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...