Ақтөбеде қоныс колониясындағы жазасын өтеуші сотталғандар ақылы жұмыс орындарында тексерілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша төмен №9 мекемесінен тыс жерде ақылы жұмыс жасайтын жазасын өтеуші сотталғандарды жұмыс орындарында тексеру жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында сотталғандардың жұмыс орындарында қауіпсіздік ережелерін сақтаулары және бекітілген киім үлгілерінің болулары сонымен қатар, жұмыс орындары болуларына аса мән берілді.

«Қазіргі таңда мекемеден тыс жерде 30 ЖШС-де және ЖК обектіде 107 сотталған ақылы жұмысқа орналасқан. Ақылы жұмысқа орналасқан сотталғандардың жұмыс орындарына уақытылы барып- келулері және жұмыс орындарында болуы №9 мекеме әкімшілігінің жіті қадағалуында»,- дейді №9 мекемесінің сотталғандар арасындағы әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет капитаны Арман Панабек.

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...