Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзарды

Бұрынғы мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл мамырдан бері қамауда.

«2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», — деді Астана сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, ҚР Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Ұлттық киім...

Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл – татулық тірегіТілден биік асқар жоқ,Тілден асқан...

Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды...

ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Уважаемая Аида Галымовна! Как Вам известно, 30 января 2026 года...