«Панджшер» ән-тобы Алматы облысының әйелдер мекемесіне келді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемесіне «Панджшер» музыкалық ән-тобы кезекті концерттік бағдарламасымен өнерлерін көрсетіп қайтты.

Ауған соғысы интернационалистерінен құралған «Ауғанстан соғысы мен әскери қақтығыстардың ардагерлері», және «Намыс» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, «Панджшер» шығармашылық тобының мекеме клубы сахнасында өнер көрсетуі бірінші рет емес еді.

Әншілердің қайталанбас дауысы мен патриоттық әндер репертуары, жазасын өтеп жатқан әйелдерді бей-жай қалдырмады.

Концерттік бағдарлама соңында, көрермендердің сұрауымен өнерпаздар сүйікті әндерін қайталап орындап берді.

Қонақтар, сотталған әйелдерге зор денсаулық және отбасыларына тезірек қауышуына тілектерін білдірді.

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...