Алакөл ауданында «Тәуелсіз елдің жастары» атты спартакиада өтті

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімі, Прокуратура, Жастар ресурстық орталығы және Спорт бөлімі бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, «Тәуелсіз елдің жастары» атты спартакиадалық жарыс өткізді.

Спартакиадалық жарысқа пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған азаматтар қатысты.

Жарыс мемлекеттік Әнұранның шырқалуымен ашылып, спортық ойындардың 5 түрі ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты, пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған азаматтарды психологиялық және моральдық жағынан көтермелеу.

Алакөл аудандық прокуратурасының прокуроры және Жастар ресурстық орталығының жетекшісі, команда капитандарын және жарысқа белсене қатысқандарды марапаттады.

Шара соңында, Алакөл аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы жарысқа қатысушыларға өз тілегін білдіріп, Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...