«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мақсаты сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу болып табылады.
Аталған мақсаттарды орындау барысында бірлестік тарапынан үздіксіз мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Мониторингтің бір бағыты — мемлекеттік сатып алу жүйесі. Себебі елімізде әрбір үшінші сыбайлас жемқорлық қылмысы мемлекеттік сатып алу саласында орын алады екен.
Сондықтан бюджет қаржысының тиімді және оңтайлы жұмсалуын қоғамдық тұрғыда қадағалау — ьірлестіктің басым бағыттарының бірі болыцп табылады.
Осы бағытта «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірл жұмыстар жүргізу барысында бірқатар мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алу кезіне өнім берушілердің қосымша құн салығын (ҚҚС) төлеушілер тізілімінде жоқ екендігін ескермей, келісім-шарттарды ҚҚС қоса есептеп, бюджет қаржысының тиімсіз пайдаланылуына жол бергені анықталды.
Мониторингке сәйкес Шымкент қаласы бойынша тапсырыс берушілер жалпы сомасы 26,5 млн.теңгеге ҚҚС артық есептеп, келісім-шарттар түзіп, төлемдер жүргізгені белгілі болды.
«Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалының араласуымен бүгінгі күнге аталған 26,5 млн.теңгенің 16,4 млн. теңгесі қазынаға кері қайтарылып, қосымша келісімдер түзілді.
Кері қайтарылмаған, шамамен 10 млн.теңгенің басым бөлігі Шымкент қаласы құрылыс және білім басқармасына бағынысты мекемелердің еншісінде.
Орын алған заңбұзушылықтарға қатысты бірлестік тарапынан нақты ескерту хаттар ала тұра жалпы орта білім беретін №118 мектеп және Саз колледжі заң нормаларының өрескел бқзғанымен қоймай, келісім-шарттарды орындалды деп жауып тастаған.
Өкінішке орай Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан “Эксперт-МК” ЖШС-мен бірнеше келісім-шарттар бойынша аталған серіктестік ҚҚС төлеушілер тізілімінде болмағандығына байланысты қосымша келісім-шарт түзуге осы күнге дейін әрекетсіздік танытуда.
Айжан Кесебаева
“Әділдік жолы” РҚБ Шымкент қаласындағы
филиалының басшысы