12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада сотталғандар «Бір түп алма ағашы» қойылымын тамашалады

«Баяғыда бір түп алма ағашы болыпты. Ол әбден жемісі көбейіп, үлкен болып өскен тұста: «Енді қожайыныма бұдан да көп алма берсем» деп армандаған екен. Бірақ бұтақтары…»
Міне, осы аңызды арқау еткен Ә.Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» драмасын жазасын өтеушілер де тамашалады. Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінде Қоғамдық даму басқармасының Дін істер бөлімі мен Мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен сотталғандарға облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры «Бір түп алма ағашы» атты драмалық қойылымын ұсынды.
Бұл драмада бір жанұяның басынан өткен тағдыр суреттеледі. Әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы қайшы пікірлер, адамдар арасындағы ала ауыздық, ағайынды жандардың берекесінің ыдырауы шығармаға арқау болады.Қойылымда үлкен бір отбасының ұйтқысы Дәметкен деген ананың басынан өткен сан қилы тағдыр. Ұл-қыздарының бір шаңырақтың астына жиналып, мәмілеге келе алмай, қоғамдағы жауыр болған проблемаға шырмалуы, ар мен ұят алдындағы абыройдың құнсыздануы көрініс береді. Спектакльдің идеясы береке мен бірлікке, адалдық пен адамдыққа үндейді. Жақсыдан үйреніп, жамандықтан жиреніп жүруді үлгі етеді. Кез келген қоғамдық, отбасылық мәселелер оң шешімін тауып, дер кезінде ақиқат ақталатын болса трагедияға жол жоқ екенін аңғартады.

Бүгінгі өмір шындығын көрсеткен қойылымнан керемет әсер алдым. Бес күн жалған өмірде, сыйластықпен өткізіп, ата-ананың қадірлеп, көңілдеріне қая түсірмеу керек. Оларды жалғыз қалдырмай, бір сәт көңіл бөліп, іздегенде жанынан табылу қажет. Мұндай сахналық қойылымның біз сияқты темір торға тоғытылғандарға берері мол. Шараны ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз»,- деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...