Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы № 68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан 22 жастағы сотталғанға шалғай ауданнан бауырлары мен анасы келді. Сотталған азамат ҚР ҚК- нің 181- бабы (мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) бойынша 5 жылға бас бостандығынан айрылған.
Екі баланың әкесі. Сотталғанға дейін тұрақты жұмысы болмаған. Бүгінде мекеменің шаруашылық бөлімінде жұмыс жасайды. Екі күндік кездесуге келген жазасын өтеушінің анасы баласының жағдайына қанық болып, кетерінде мекеме қызметіне алғысын білдірді. Бүгін мен балама екі бауырын қоса ертіп келдім.Апасы мен інісін көріп, баламның көңлі босады.
Екі жылдан бері бірін- бірі көрмеп еді. Бұған дейін әйелі екі баласымен келіп кеткен болатын.
Бұл жолы үш бауыр қосылып, балалалық шағындағы қызықты әңгімелерін айтты.
Баламның көңлі көтеріліп қалды. Аға болып, інісіне қамқор бола алмағанына өкінді. « сабағыңды жақсы оқы, бостандыққа шыққан соң, оқу орнының төлемақысын өзім төлеп тұрамын» деп, інісіне біраз ақыл айтты.
Балам тым есейіп кетіпті. Бұл қателігі оған үлкен сабақ болды. Кездесу бөлмесі жылы, жағдайы тым жаман емес екендігін көзіммен көріп, көңлім орнына түсті.
Қызметкерлер тарапынан да, ілтипатты қарым-қатынасты байқадым. Сол үшін мекеме бастығы майор, Ильясов Қайырбек пен старшина Қасымбеков Балғазыға алғысымды білдіремін- деді, сотталғанның анасы.


