Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларының алдын алу және жою мақсатында Алматы қаласы пробация қызметінің жеке құрамымен кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларының алдын алу және жою мақсатында Алматы қаласының ІІД-нің өз қауіпсіздік қызметінің қызметкері Алматы қаласы пробация қызметінің жеке құрамымен кездесу өтті.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептердің жиынтығын түсіндірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шараларды тиімді жүзеге асыру бойынша бірқатар ұсыныстар берді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесуді анықтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретін белгілейтін әкімшілік заңнама нормаларын қолдану мәселелері түсіндірілді.Кездесу нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын жандандыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар талқыланды.

Алматы қаласы

Бостандық пробация қызменінің

инспектор әділет майоры Айкенова А.М.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...