12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке құрамның отбасындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалы зерделенді

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы № 68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясат тобынының инспекторы әділет сержанты Ж.Даулетиярова мекеме қызметкерлерінің отбасы тіршілігімен танысты.

Басты мақсат: қызметкелердің жанұядағы психологиялық жай күйін білу, тұрмыстық жағдайларына қарай, жемқорлыққа деген тәуекелдерін бағалау үшін, зерделеу жұмыстарын жүргізу болып табылды. Мекемедегі жеке құрамның қызметтік міндетінен бөлек, олардың қызметтегі моральдік-психологиялық көңіл-күйінің жоғарғы деңгейде болуына қызметкерлеріміздің әлеуметтік тұрмыстық жағдайының игі әсері бар.

Апта басында алдымен, жас жеке құрам мүшелерінің түрмысымен танысып,тұрмыс-тіршілігінен көзімізбен көріп,ата-анасы, жұбайлары арасындағы қарым-қатынасты бағамдап қайттық.

Алғаш болып, жұмысқа жақында ғана орналасқан, Режим және күзет бөлімінің бақылаушысы, әділет сержанты Құттымбек Рүстемнің үйіне бардық.

Бұл жігіт бойдақ, қалада пәтер жалдап тұрады. Мемлекет тарапынан төленетін төлем ақы негізінде, пәтер ақысын төлеп отыр. Өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүр. Қызметтен тыс уақытта да, ішкі істер органдары қызметкеріне тән әдеп нормаларын сақтап келеді.
Келесі қызметкер, мекеме бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары, әділет лейтенанты Амандық Шаттық анасымен бірге қара шаңырақта тұрады екен.

Жұбайы да мемлекеттік қызметте. Біз барғанда жанұясында жылы жағдай байқалды. Отбасы мүшелері өзара жақсы-қарым қатынаста екендігі көрінді.

Сол сияқты көп балалы әке,әділет старшинасы Ибраимов Сунгат Смагуловичтің де, семиясына бас сұққанымызда, шаңырағында шырайлы көңіл күйдің бек орнағанын, көзімізбен көріп, бақытты өмірінің көрінісіне куә болдық. Менің ҚАЖ саласында қызмет атқарғаныма 21 жыл болды. Жұмысым тым қауырт. Санаға салмақ салар сәттері де бар. Бірақ, үйге оралғанда, жұбайым мен балаларым алдымнан құшақ ұрып шыққанын көріп, шаршағаным басылады. Әрине, мынандай қымбатшылық кезеңде, материялдық та қиындықтар болды. Қанша қиналсам да, көлденең ақша табуды ойламадым. Оңай олжа орға жықтыратынын, сыбайлас жемқорлықтың соңы жақсылыққа апармайтынын күнделікті қызмет бабында қамауға келіп түсіп жатқан азаматтардың тағдырынан көріп жүрмін.

Отбасымды таза маңдай тер еңбегіммен асырап отырмын. Үйімді ипотекаға алғанмын.

Ай, сайын есепшотыма жанұя басындағы әр отбасы мүшесіне мемлекет тарапынан бөлінетін пәтерақы төлемі түсіп тұрады.

Біздің қызметтте Ар мен абыройға жұмыс жасау керек — дейді, Сунгат Смагулович.

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...