Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Ақтау қаласының пробация қызметінен Алматы қаласындағы қаңтар оқиғаларына қатысушы «М»сотталған адам жаза мерзімі аяқталғанына байланысты босатылды.
Ол ағымдағы жылдың қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматы қаласында спорттық заттарды ұрлап кеткені үшін екі жылға бас бостандығын шектеуге сотталған, оған 2022 жылғы 2 қарашадағы № 152-VII ҚР «Рақымшылық туралы» Заңына сәйкес рақымшылық актісі қолданылып Ақтау қалалық сотының қаулысы бойынша жаза мерзімі бір жыл алты айға қысқартылды, бұл ретте сотталған тұлға алты ай жазасын өтеп үлгерді ол пробация қызметінің есебінен шығарылды. Қазіргі уақытта рақымшылық актісін қолдану туралы пробация қызметінің екі ұсынысы Ақтау қалалық сотында қаралуда.
Сонымен қатар Маңғыстау облысында Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай пробация есебіндегі 461 сотталғанға рақымшылық заңы қолданылды.


