Талдықорғанда сотталғандарға құқықтық көмек көрсетілді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №71 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшін қалдырылған сотталғандарға құқықтық көмек көрсетілді. Құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында, кездесуге Жетісу облыстық адвокаттар алқасының өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында сотталғандар тарапынан қылмыстық, азаматтық істеріне қатысты, сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққаннан кейін, үкім бойынша келтірілген залалды өндіру мерзімдері бойынша көптеген сұрақтар қойылды.

Кездесу қорытындысы бойынша, Жетісу облыстық адвокаттар алқасының өкілдері сотталғандардың қойылған сұрақтарына кеңінен, құқықтық түсінік берді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...