12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тәуелсіздіктің әрбір азаматқа жүктер жауапкершілігі мол

16-желтоқсан қазақ халқы үшін қасиетті әрі қасыретті күн. Қасиеттілігі сол еліміздің қастерлі тәуелсіздігі дәл осы күнмен тікелей байланысты. Бұдан 36 жыл бұрын азаттықты аңсаған қазақ жастары республикамыздың барлық өңірінде бейбіт шеруге шығып, Қазақстан деген ел барын әлемге танытты. Ал, қасыреттілігі осынау бейкүнә жастардың өмірі қиылды, тірі қалғанның тағдыры бүлінді. Дегенмен, олардың тәуелсіздік жолындағы күресі нәтижесіз қалған жоқ.

1991 жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы қабылданып, Қазақстанның егеменді ел болғаны дүние жүзіне салтанатты түрде жарияланды.

Аталған заңда Қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығы расталып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құратыны нақтыланды, сонымен қатар, ядролық қаруды таратпау принципі мен қарусыздану процесіне адалдығы мәлімделді. Тәуелсіздіктің нық тұғыры Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, мемлекеттік рәміздеріміз  бекітілді.

Егемен еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып, әлем жұртшылығына танылды. Айбынды әскеріміз құрылып, шекарамыз шегенделді. Төл теңгеміз қолданысқа енді. Қазақстанның жаңа астанасы Астана Сарыарқа төрінен бой көтерді. Осылайша, орнықты мемлекеттік институттары бар, сондай-ақ, экономикасы бәсекеге қабілетті демократиялық мемлекет ретінде қалыптасу жолына түстік.

Қазіргі таңда әлем бойынша 120-дан астам елдің Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаны ресми мәліметтермен нақтыланған.

Тәуелсіздік жылдары ел заңдары түбегейлі жаңарды. Олардың қатарында Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заң да бар. Бұл заңда қазақстандық адвокаттардың мәртебесі мен олар көрсететін қызметтің мақсат-міндеті айқындалып, жұмыс сапасына деген талаптар күшейтілді.

Биылдан бастап 25-қазан Республика күні болып қайта жаңғыртылды. Мемлекет басшысы  бұл күннің республиканың саяси өміріндегі мәдени, ғылыми, экономикалық, т.б. жетістіктері айшықтала түсетін есептік сыйпаты басым мереке болу керектігін айрықша атады. Соған орай, барлық мемлекеттік марапаттар Республика күнінде тапсырылады.

Ал 16-желтоқсанда  ұлт-азаттық ұғымы, оның тарихы, тарихи тұлғалар әспеттеледі. Бұл туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек» — деді.

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бұл күнге жету, яғни, азат әрі еркін ел болу жолында қаншама арыстарымыз мерт болды. Сондықтан, азаттықтың бізге  артар міндеті мол. Ол міндетке сай болу арқылы Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайту, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында адал қызмет ету әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы.

Жанар Садықова,Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...