12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шіркеу қызметкері сотталғандармен кездесті

Қызылорда қалалық «Казанской иконы Божией Матери» шіркеуінің бас қызметшісі Виталий Ивашинин Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіндегі сотталғандармен кездесті.

Кездесуде дін өкілі «Разговор с Богом» тақырыбында деректі фильм көрсетіп, насихат жұмысын жүргізді.

Жазасын өтеушілер осы жүздесу барысында өздерінің жасаған күнәларына өкінетіндіктерін, тәубеге келу арқылы өз күнәларынан арылғысы келетіндерін айтты.
Кездесу соңында шіркеу қызметшісі алдағы уақытта христиан дінінің православ бағытын ұстанушы сотталғандарды күнәларынан арылту үшін діни рәсімдер жасайтынын жеткізді.

«Әрбір адам қателікке бой алдырады және соның салдарынан күнә жасайды. Біз де өзіміз жасаған қателіктеріміздің салдарынан жаза өтеп жатырмыз. Алайда, дін саласының қызметкерлері келіп тұрса, біз олармен әңгімелесу арқылы біраз жеңілдеп қаламыз. Сондықтан да қай дін өкілі болмасын адам тәубеге келу үшін, оған дұрыс жол көрсететін адам керек. Біз де тәубемізге келіп, жаратқанға жалбарыну үшін тура жолды көрсететін шіркеу қызметкерінің жиі келуін тағатсыздана күтеміз», — дейді сотталғандардың бірі.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...