12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан 9 сотталған жолдама алды

Пробация қызметкерлері есепке алынған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін оларды жұмысқа орналастыруды басты назарда ұстайды. Осы орайда Қызылорда қалалық прокуратурасы мен қалалық пробация қызметінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» орталығында өткен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне» пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар қатыстырылды.

Жәрмеңкеге 23 жұмыс беруші мекемеден 75 бос жұмыс орыны ұсынылды. Жұмыс беруші мекемелерден электрик, слесарь, жүргізуші, есепші, аспазшы, тігінші мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 9 азамат жолдама алды.

«Пробация қызметі есепте тұрған сотталғандардың қайта қылмысқа бармауы үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметті-құқықтық, заңгерлік, медициналық, психологиялық көмектерді көрсетеді. Жеке кәсіп ашамын деген сотталғандарға да құқықтық көмек көрсетіп, арнайы курстарды оқытуға да ықпал жасаймыз. Жыл басынан 79 сотталған тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен жұмыс орындарына квота бекітілген. Есептегі жұмыссыз 48 адам квотамен жұмысқа орналасты»,- деді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет капитаны Р.Сыздықов.

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Абай облысында жаңадан келген сотталғандардың психологиялық бейімделу деңгейін зерттеу жүргізілуде

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінің психологтары, жаңадан келген...

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...