Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасаған сотталған рақымшылыққа ілінді

2022 жылдың 2 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған болатын. «Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес, Қармақшы аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі Ш.есімді азаматқа қатысты рақымшылық қолдану туралы сотқа ұсыныс жолдаған.

Ол Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы дүкендердің бірінен тұрмыстық техникалық заттарды ұрлаған. Алматы қаласы, Алатау аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 10 ай бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, ол тұрғылықты жері бойынша Қармақшы аудандық пробация есебіне алынады.

Сотталғанның іс-құжаттары сотпен қаралып, сотталғанның жаза мерзімінен босату жөнінде сотшешімімен қаулы щығарылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қаңтар оқиғасы кезінде осындай қадамға барғаныма өкінемін. Мемлекет басшысы Қаңтар оқиғасына қатысушыларға бірреттік рақымшылық жариялау туралы Заңға қол қойғанын естіп қатты қуандым. Міне бүгін сот қаулысымен жазамнан босатылдым. Ендігі арманым отбасын құрып, қоғамға қажетті іспен айналыссам дейді»,- есептегі сотталған.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...