12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістан облысының полицейлері студенттен қорқытып ақша алған жас жігітті ұстады

Жетісай аудандық полиция бөліміне тұрғын арызданды. Әйелдің айтуынша, оның кәмелетке толмаған ұлын, яғни колледж студентін белгісіз біреу қорқытып 5 мың теңге алған. Онымен қоймай тағы 35 мың теңге талап еткен.

Бұл жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 194-бабы «Қорқытып алу» бойынша тіркеді. Қылмыскерді ұстауға Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен Жетісай ауданының полицейлерінен құрылған жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ақша алып жатқан кезінде ұстады. Күдікті Мақтаарал ауданының тұрғыны, жұмыссыз жас жігіт болып шықты. Жедел уәкілдер айғақты зат ретінде жас жігіттен ақша тәркілеп алды. Қазіргі уақытта қорқытып алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...