Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі, аудандағы сот орындаушылар және жұмыспен қамту орталығы басшылығының қатысумен, Мұғалжар аудандық №1 пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандарды сондай- ақ алимент төлеушілерді жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Іс- шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға Мұғалжар ауданындағы ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестік компаниялары өздеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынса, жұмыспен қамту орталығы кәсіп ашу секілді басқа да ұсынылатын қызмет түрлері туралы толық ақпараттармен таныстырды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің нәтижесімен, Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінің есебінде тұрған 4 жұмыссыз азаматқа тұрақты және уақытша бос жұмыс орындарына жолдама берілді.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы


