СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция генерал-майоры Берік Біләлов алғаш рет №48 мекеме қызметкерлерімен және жеке сотталғандармен кездесу өткізіп, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың материалдық базаны арттыру және сотталғандарды ұстау жағдайларын жақсарту қажеттілігі туралы талаптар мен тапсырмаларын жеткізілді.
Кездесу барысында Берік Сұлтанғазыұлы сотталғандарға қашықтықтан оқыту арқылы жоғары білім алу мүмкіндігі, тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны жинақтау шеңберінде банкте депозит ашу, жұмыс орындарын ұлғайту туралы ақпаратты жеткізді. Кейін 15 еркін білдірген сотталғандарға жеке қабылдау жүргізіліп, олармен жұмысқа орналасу, медициналық қамтамасыз ету және ауыстыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ штабтық үй-жайдың акт залында мекеменің жеке құрамымен кеңес өткізіліп, қызметкерлер қызметінің негізгі көрсеткіштері қаралды және белгіленген мерзімде жоюды талап ететін бірқатар проблемалық мәселелер оқылды.
Мекемені қарау барысында аумақты, тұрғын және өнеркәсіптік аймақтарды толық аралау жүргізілді.
Сапар соңында Берік Біләлов айтылған ескертулерді жоюды тапсырды және сотталғандармен де, жеке құраммен де жеке кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті.


