ШҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бүгінгі таңда Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінде қоғамнан оқшаулаға байланысты емес жазаға тартылған, сотты болған 150 жуық адам есепте тұр.
Жәрмеңке барысында есепте тұрған жұмыссыз сотталғандарға бос жұмыс орындары қарастырылып, сотталғандарды жұмыспен қамту сұарақары қолға алынды. Болашақта оларға тиісті жұмыс орындары қарастырылады:
Пробация қызметі сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жергілікті атқарушы органдар, жеке кәсіпкерлермен бірлесе жұмыс жасап көптеген іс-шаралар өткізеді, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді.
-Сотталғандарды түзеудің негізгі жолдарының бірі – ол жұмыспен қамту. Еңбек – сотталғандарды тәрбиелеудің, қоғамға әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін маңызды әдіс. Өйткені еңбекпен қамтылмаған адамның қылмысқа баруы оп-оңай. Сондықтан ең алдымен сотталғанды жұмыспен қамту жағын ойластырған жөн,- дейді Солжағалау аудандық пробация қызметінің инспекторы Ерасыл Толегенов.
Аталаған бос орындар жәрмеңкесі барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып өткізілді.


