3 сотталғанға қатысты рақымшылық қолдану туралы Шиелі аудандық сотына ұсыныс жолданды

2022 жылдың 02 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы заңға қол қойған болатын. «Рақымшылық туралы» Заңға сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Шиелі аудандық пробация қызметі, 3 сотталғанға қатысты рақымшылық қолдану туралы Шиелі аудандық сотына ұсыныс жолдаған . Олар жаппай тәртіпсіздік кезінде қылмыстық құқықбұзушылық жасағандар.

— Қазіргі таңда бір сотталғанның іс –құжаттары сотпен қаралып, негізгі жазасы төрттен үшке қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Ал қалған екі сотталғанның ұсынысы сот өндірісінде. Осыған дейін есептегі сотталғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Онда қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығы бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні жөнінде нақты айтылды»-, деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қайрат Байгенжеев.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында жаз мезгілінің көтеріңкі...

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...