Түркістан облысының полицейлері Шардара су қоймасынан заңсыз балық аулаған 2 браконьерді анықтады

Шардара су қоймасында заңсыз балық аулаған кезекті браконьер ұсталды. Тексеру барысында анықталғандай, түнде жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде Шардара АПБ табиғат қорғау полициясының қызметкерлері мен су ресурстарын қорғау жөніндегі инспекторлар бірлесіп, жағалауда қайықтың көмегімен балық аулаған 2 ер адамды анықтады.

Полиция қызметкерлері заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғындардан резеңке қайық, балық аулау құралдарын және заңсыз ауланған 67 келі түрлі балық тәркіледі. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда. Түркістан облысының полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны және ресурстарды заңсыз өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...