Шетелдіктерге Петропавлға келу ақылы болуы мүмкін

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бейрезиденттер ағымына байланысты шетелдік азамттарға Петропавлға келу ақылы болуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ашық нормативтік құқықтық актілер сайтында 23 қарашада «Шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесін бекіту туралы» қалалық мәслихат шешімінің жобасы пайда болды.

«Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында шетелдіктер үшін туристік алым мөлшерлемесі бекітілді – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұру құнының 5 пайызы.

Бұл мөлшерлеме 2021 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 2022 жылдың 1 жартыжылдығындағы ресми статистикалық мәліметтер негізінде бекітілген. Орналастыру орындарында шетелдік туристер санының 204,3 пайызға артуы байқалды, бұл «Шетелдіктер үшін туристік алымды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысының 8-тармағына сәйкес, тұру құнының 5 пайызы мөлшерінде туристік салық мөлшерлемесін қолдануға мүмкіндік береді», — делінген жобада.

Жобаны жүзеге асыруға байланысты қаржылық шығындар қарастырылмаған.

Прозрачность, профессионализм и равные возможности для всех кандидатов

В Казахстане внедряется обновлённая система отбора на государственную службу....

Елім деген ер болса, ер деген ел болады

5 наурыз – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама...

ЗАКОН И ПОРЯДОК

Сегодня в Казахстане концепция «Закон и порядок» перестает быть...

Цифрландырудың сот төрелігіне қол жеткізуге әсері

Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда....

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»»

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі....