ОНЛАЙН-СЕРВИСТЕР АЗАМАТТАРҒА САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Мәслихат депутаттарын сайлау барысында сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне көмектесетін онлайн-сервистер қолданылады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді.

Аталған сервистердің көмегімен учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері азаматтың тіркелген мекенжайын тексере алады. Бұл азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу үшін қажет. Ол үшін азамат тиісті өтінішпен міндетті түрде жүгінуі тиіс. Орталық сайлау комиссиясының отырысында таныстырылған екінші сервис тіркелген мекенжайы жоқ азаматтарға сайлау учаскесінің мекенжайы бойынша уақытша тіркеуден өтуге мүмкіндік береді. Аталған екі онлайн-сервис те қазақстандықтардың өздерінің сайлау құқықтарын іске асыруына жәрдемдесуге бағытталған.

«eGov порталы арқылы тиісті қызметке қол жеткізе алатын учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері азаматтың жазбаша өтініші негізінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның тұрақты тіркелген жері туралы мәліметтерді ала алады. Бұл қызмет 5 121 сайлау учаскесінде қолжетімді болады. Сонымен қатар, тұрақты тіркеуі жоқ және бұрын сайлаушылар тізіміне енгізілмеген азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру мақсатында оларға дауыс беру күнінде ғана сайлау учаскесі орналасқан үй-жайда уақытша тіркелу мүмкіндігі беріледі. Мұндай мүмкіндік бүкіл ел бойынша 218 сайлау учаскесінде қарастырылған», — деп хабарлады Мұхтар Ерман.

Аталған жобалар Орталық сайлау комиссиясы тарапынан Жасанды интеллект және цифрлық даму, ішкі істер министрліктерімен бірлесіп іске асырылуда.

Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау мәселелері талқыланды

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, Түркітілдес журналистер қоры және...

ОКОЛО 300 ГРАЖДАН ПОЛУЧИЛИ ПОМОЩЬ В ВОССТАНОВЛЕНИИ НАРУШЕННЫХ ПРАВ

Департаментом Агентства РК по делам государственной службы по Карагандинской...

300-ДЕЙ АЗАМАТТЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҚТАРЫНҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті...

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...