12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторының бұрынғы басшысы зейнеткерлік демалысқа шықты

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесінде бұрынғы ЗК-169/1 тергеу изоляторының басшысы әділет подполковнигі Тасқараев Алмат Жұманұлын зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты салтанатты жиын өтті.

Ішкі істер органдарында 28 еңбек еткен Алмат Жұманұлы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерінде мекеме бастығының кезекші көмекшісінен, ЗК-169/1 тергеу изоляторының бастығына дейінгі жауапты қызмет атқарды.

Алғаш болып құрметті азаматты құттықтаған департамент басшысы, әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев өз сөзінде: Алмат Жұманұлы, Сіз, ата–бабадан мұра болып қалған Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғап, көп жылдан бері, ҚАЖ саласының жұмысын жандандырған, жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірі болдыңыз. Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді, білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтады.
Сіздің байыптылығыңыз бен іскерлігіңізді, кәсіби шеберлік пен жоғары біліктіліктлігіңізді тәжірибелі маман ретінде арттарыңызға ерген жас буын үлгі- өнеге тұтады.

Бұдан әрі де отставкадағы подполковник ретінде қоғам дамуына өз үніңізді қосып отырар еліміздің патриот азаматы ретінде ортамызға келіп, тәлімді әңгімеңізді, тәжірибеңізді бөлісіп отырарсыз — деген тілегін білдірді.

Бұдан соң, мекеменің бүгінгі таңдағы бастығы, әділет майоры Илясов Кайырбек Есентаевич және біраз жыл бірге жұмыс жасаған әріптестері ардагерге көп жылғы жемісті еңбегі үшін алғыс айтып, зор денсаулық тілеп, естелік мекенжайларын табыстады. Алмат Жұманұлы да, жылы сөздері үшін алғысын білдірді.

Жас қызметкерлерге қоғам игілігі үшін лайықты қызмет атқаруды, арнайы контингентпен жұмыс барысында әрбір ҚАЖ қызметкерінің салқындылық танытып, эмоциясын басқаруы аса маңызды екенін атап өтті.

Жиын соңында мекеменің кадр саясат тобының инспекторы, әділет сержанты Ж.Дәулетиярованың ұйымдастырумен арнайы шақыртылған әншілер ән жолдап, жағымды көңіл күй сыйлады.

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...