Астананың тергеу изоляторында қамауға алынған 400 ден астам қазақстандық дауыс берді

2022 жылғы 20 қарашада елордалық тергеу изоляторының ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті, ол Президенттің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығына сәйкес өткізілді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Заңына сәйкес үкімі заңды күшіне енбеген тергеу изоляторларында ұсталатын ҚР кәмелетке толған азаматтарының жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы бар.

Таңғы сағат 7-ден бастап елордалық тергеу изоляторында, № 216 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті.

Астананың тергеу изоляторында ұсталатын 588 адамның 470-і сайлауға қатысуға құқылы. Осы бағытта тергеу органдарынан жеке басын куәландыратын құжаттарды алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта үкімі заңды күшіне енбеген, сайлауда дауыс беру құқығы бар барлық тергеушілер мен сотталушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары бар.

Орталық сайлау комиссиясымен 3 урна (1 стационарлық, 2 тасымалды), 4 – дауыс беруге арналған кабиналар, кеңсе тауарлары, телефон ұсынылды.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...