Өзбекстан Республикасының азаматы сотталғанға жеке сәйкестендіру нөмірін алуға көмек көрсетілді

Астана қаласы ҚАЖ Департаментінің мекемесінде Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, көршілес елдердің сотталған азаматтары да жазасын өтеп жатыр.

Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты №2 мекемеде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға бекітілмеген тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Мекеменің арнайы есепке алу бөлімімен Ақмола облысы Аршалы аудандық халыққа қызымет көрсету орталығының «Халыққа қызымет көрсету бөлімімен» бірлесіп сотталған Өзбекстан Республикасының азаматы К-ға жеке сәйкестендіру нөмерін беру жұмыстары жүргізілді.

Осы процедура денсаулық сақтау министрлігінің цифрлық бағдаоламасына сәйкес сотталғанды мекемеге одан әрі жұмысқа орналастыру және емханаға бекіту үшін қажет.

Осы тәсілдің арқасында басқа елдердің азаматтары біздің елімізде Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде медициналық қызымет алуға, жұмысқа орналасуға, түрлі жеңілдіктерге жүгінуге, неке куәлігін алуға мүмкіндік алды дейді, арнайы есеп бөлімінің бастығы әділет майоры Наталья Костенко.

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...