Абай облысында алкоголь мен ойын картасын түрме аумағына лақтырмақ болған азамат ұсталды

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 20 мекемесінде аумақтың сыртқы периметірін бақылау кезінде, мекеме қызметкерлері түрме аумағына тыйым салынған заттарлы лактырмақ болған азаматты ұстады. Жеке тексеру барысында екі бөтелке спирттік иісі бар сұйықтық пен дәнекерлеу құрылғысына оралған ойын картасы тәркіленді.

Мекеме аумағын бақылау барысында, мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды. Тыйым салынғын заттар тәркіленіп, спирттік иісі бар сұйықтық экспертизалық сараптамаға жіберілді. Мекеме аумағына сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды кіргізуді болдырмау және бұндай жағдайлардың алдын алу жұмыстары жалғасатын болады, — деп жауап берді жедел бөлімінің бастығы.

Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі Атабаева Айгерим

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...