Қаржы министрлігі: партияларды қаржыландыруға жылына 8 миллиард теңге бөлінеді

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілісте ұсынылған үш саяси партияны қаржыландыру қанша тұратынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер вице-премьерден партиялардың біріне миллиард доллар бөлініп жатыр деген ақпаратқа қатысты пікір білдіруді сұрады.

«Бұл шындыққа жанаспайды. Бізде партиялардың, Мәжілісте отырған барлық партияның қаржыландыруы туралы толық ақпарат бар. Заң жүзінде қабылданған белгілі бір есептеулер бар, солардың негізінде қаражат бөлінеді. Жалпы сома үш тарап үшін де 8 миллиард шамасында. Бұл бір жылға арналған, республикалық бюджетте бар», — деді Жамаубаев журналистер сауалына жауап беріп.

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...