Облыстың бас полицейі М.Қабденов спортшы полицейлерді марапаттап, жас мамандарға шендерін табыстады

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, облыстың спортшы полицейлерін қабылдап, марапаттау рәсімін өткізді. Жалпы тәртіп сақшылары қылмыспен күресіп қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі спорттық жарыстарда топ жарып жүр.
Сондықтан мәжіліс залында өткізілген шарада бағы мен бабы келісіп, Анталия қаласында (Түркия) өткен ересектер арасындағы «Әмбебап жекпе-жек» спорт түрінен Әлем кубогінде 90 келі салмақ дәрежесінде күресіп, жүлделі ІІ-орында иеленіп, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізген полиция капитаны Жәнібек Жақыпбекұлы медаль, кубок, арнайы сертификатпен марапатталды.
Сондай-ақ Өскемен қаласында Полиция департаменттері қызметкерлерінің арасында самбо күресінен ҚР ІІМ спартакиадасында 58 келі салмақ дәрежесінде ІІ-орын иеленгені үшін полиция капитаны Мұхтар Маратұлы медаль, грамотамен марапатталды. 88 келі салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Еркеғали Серғалиұлы иеленсе, ал 98 келі салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды полиция аға лейтенанты Ернат Керімханұлы қанжығалады. Аталмыш спортшыларды қабылдаған генерал М.Қабденов өзінің алғысын білдіріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
Одан бөлек іс-шара кезінде ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес орта басшы құрамының алғашқы полиция лейтенанты арнаулы атақтары берілді. Олар Сауықбек Асабаев, Елдос Мұхтарұлы, Нұрсұлтан Ақышбекұлы, Гүлбану Жабаева, Талғат Жаңабай, Ыбырай Жұмабек, Гүлбаршын Мұхаметқалиева, Нұрболсын Орымбаевтарға шендері салтанатты түрде табысталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

О необходимости создания новой модели определения размера алиментов

Общеизвестна модель определения размера алиментов,  когда при отсутствии соглашения...

Алимент мөлшерін айқындаудың жаңа моделін құру қажеттілігі туралы

Алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға...

Мемлекеттік тілдің дамуы – елімнің дамуы

Ата Заңның 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі –...

«Вина подсудимых полностью доказана»: гособвинение запросило для Бокаева 12 лет

В Алматы продолжаются прения сторон по уголовному делу Санжара...

Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы

Қазақ тілі – халқымыздың баға жетпес байлығы, ұлттың рухани...