12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

5 айлық баласымен бірге жазасын өтеп жатқан сотталған әйелге ҚАЖ қызметкерлері көмек көрсетті

Аяғын шалыс басып, қаржылық пирамида құрғаны үшін айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған 30 жастағы сотталушы Абай облысы бойынша ҚАЖД №21 мекемесінде жазасын өтеуде. Қазіргі уақытта сотталған әйел мен баласы колония қабырғасында мекеме қызметкерлерімен дайындалған арнайы бөлмеде тұрып жатыр. Кішкентай қыз қазір 5 айлық, бұл әйелдің отбасындағы бесінші баласы.

Мекеме қызметкерлері кішкентай бөбекке қажетті заттарды жинап, бесік пен маусымдық киімдер, гигиеналық құралдар, балалар ойыншықтары және басқа да заттармен көмек көрсетті.

Қызметкерлер анаға қолдау білдіріп, бір қуантты. Мұндай үлкен көмекке ие болып, бір марқайып қалған көпбалалы сотталған ана өз ризашылығын білдірді.

«Мен өз кінәмді мойындап, қылмыс жасағаныма қатты өкінемін. Егер де бұның бәрін өзгертуге мүмкіндігім болғанда, қайталамас едім. Сотты болған кезде аяғым ауыр еді, қалай босанып, тәрбиелеймін деп қатты қорықтым, алайда Алла берген соң, босану керек деп шештім. Маған демеу болып, көмек көрсетіп , қамқорлық пен ілтипат көрсеткен қызметкерлерге алғысым шексіз. Қашанда жасаған жақсылықтарың Алладан қайтсын.»,- деді сотталған.

“Абай облысы ҚАЖД 21 мекемесінде алғаш рет баласымен бірге жазасын өтеп жатыр. Сотталғандарға қолдау көр­сету, өмірде өз жол­­­дарын табуына көмектесу, ор­­таға бейімделіп кет­кенше қайта қылмыс жасауына жол бер­меуге, тү­зелу жолын­да әр­дайым кө­мек көрсетіп, жанашыр болуға біздің басты парызымыз”,-деді мекеме бастығының орынбасары Н. Баяхметов

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...