12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Ақтөбедегі түзеу мекемесінде тұңғыш рет «Жұмыс беруші күні» атап өтілді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №8 түзеу мекемесінің жанында Ақтөбе көпсалалы колледжінде «15 қараша — Жұмыс беруші күніне» орай түзеу мекемесінің әкімшілігіне алғыстар айтылып, марапаттаулар болды.

Ауқымды да, маңызды шараға колледж ұжымы, мекеменің басшылары мен қызметкерлері қатысып, колледж директоры Ахмет Аманкулов қатысушыларды атаулы мерекемен құттықтады.

Iс-шарада мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Қанат Мақатов «Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің» алғыс хатымен, мекеме бастығының жалпы сұрақтары және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Асқар Кубайдуллин Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысынан алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша бөлім бастығы әділет майоры Жеңіс Сарин, бөлім инспекторы әділет аға лейтенанты Тұрғанбек Бақшақбаев және аға инспектор әділет капитаны Акмарал Досанова колледж директорының атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кету керек, №8 түзеу мекемесінің әкімшілігі мекеме жанындағы көпсалалы колледжде білім алушы сотталған-студенттерге іс- тәжірибеден өту үшін арнайы орын бөлуде. Сондай- ақ, колледжден толық білім және тәжірибе жинақтаған сотталғандарды мекеме жанындағы өндіріс цехтарына ақылы жұмыстарға орналастырып келеді.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Жаңа жыл мерекесіндегі ХҚКО мен МХҚКО жұмыс кестесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты...

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...