СІМ Венгрияда белгісіз жағдайда жоғалған қазақстандық түрмеде екенін айтты

Сыртқы істер министрлігі Венгрияда белгісіз жағдайда жоғалған 27 жастағы қазақстандық Қанатбек Өтебек сотталып, жергілікті түрмеде отырғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ер адамды венгр тәртіп сақшылары 10 тамызда қолға түсірген. Оған заңсыз көші-қон ұйымдастырды және оған қатысты деген айып тағылған.

«Сексард қаласының соты оны араб мемлекеттерінен келген жеті мигрантты венгр-сербия шекарасын заңсыз өткізгені үшін кінәлі деп таныды. Сот бұл азаматты үш жыл үш айға бас бостандығынан айырды. Апелляциялық шағым түсірілді», — деді министрдің орынбасары Әділ Тұрсынов.

Оның айтуынша, Венгрия заңына сәйкес Өтебекке аудармашысы бар тегін мемлекеттік адвокат берілген. Қазір ол Сомбатхей қаласындағы мемлекеттік түрмеде отыр. Қазіргі уақытта екінші инстанциядағы сот болады деп күтіліп жатыр.

«Қазақстан Елшілігі оның туыстарына онымен байланысатын, Skype арқылы сөйлестіретін өтінішті толтыруға көмектесті. Сондай-ақ, тұтқынға байланыстағы тұлғадан ақша аударымдарын алу құқығы берілді. Жақын туыстарының өтініші бойынша елшілік орыс тілін білетін жеке қорғаушы беру туралы келіссөз жүршізіп жатыр,» — деп қосты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Айыптау үкімі заңды күшіне енсе, Өтебек жазасын Қазақстандағы колонияда өтеуді сұрауы мүмкін. Бұл құқықты Қазақстан мен Венгрия арасындағы 2014 жылы жасалған сотталғандарды беру туралы келісімнің арқасында жүзеге асыруға болатыны атап өтілді.

Еске салайық, Венгрияда 27 жастағы шымкенттік белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. Соңғы рет оны туыстары Instagram желісінде қазақстандық блогердің тікелей эфирінен көргендерін айтқан.

Қанатбек Өтебек биыл шілденің аяғында Чехияға жұмыс істеуге кеткен. Оның бір айға жарамды шенген визасы бар, дейді туысы Балнұр Өтебек. Оның айтуынша, Қанатбек Өтебекті Еуропаға таныстары шақырып, жұмысқа орналасуға көмектесеміз деп уәде берген.

ТҮРКІСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ТҰҢҒЫШ ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ МУЛЬФИЛЬМ ӘЗІРЛЕНДІ

Қалың көрерменнің қатысуымен тұсауы кесілген бұл өнім - «Түркістан...

Бороться совместными усилиями

ВОПРОСАМ ПРОФИЛАКТИКИ ПРАВОНАРУШЕНИЙ СРЕДИ ПОДРОСТКОВ, ПРЕДОТВРАЩЕНИЯ БУЛЛИНГА В ДЕТСКОЙ...

Предмет договора: как не подписать невыгодные условия

В ПРАКТИКЕ ЗАКЛЮЧЕНИЯ ДОГОВОРОВ НЕРЕДКО НАБЛЮДАЕТСЯ СИТУАЦИЯ, ПРИ КОТОРОЙ...

Безопасные инвестиции 

Выстраивая систему безопасности и социальной защиты, государственные органы Алматинской...

Инвестиции и международные инициативы

Казахстан активно укрепляет экономическое присутствие в Грузии – компании...