Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында семинар сабақ өтті

Қазіргі таңда басты мәселердің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық болып табылады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Осыған орай 2022 жылғы 10 қарашада Көліктегі ПД Қызылорда көлік полицейлерінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлық деректерін алдын алу мақсатында жеке құрамға Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлерімен семинар-сабақ өткізілді.

Бұл семинар сабақтың мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің  арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру болды.

Семинар сабақ барысында Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істері жөніндегі офицері Мырзағалиев Олжас Серікұлы және осы басқарманың бас маманы Қозбағарова Жанар Жалғасбайқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтіп, қызметкерлерге парасаттылық пен адалдық принциптерін кеңінен насихаттады.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...