12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматқа психологиялық көмек

Психологиялық көмек — бұл адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға және жеке адамға да, топқа да, ұйымға да психологиялық көмек көрсетуге бағытталған психологияны практикалық қолдану саласы.

Қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдар психологиялық көмек пен психологиялық қолдауды қажет етуі мүмкін екендігі күмән тудырмайды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан сотталған адам қандай да бір дағдарысты бастан кешіреді. Белгілі бір уақыт аралығында қылмыс жасағаны үшін сотталған адам бас бостандығынан айыру орындарында болды және қоршаған қоғамдағы нақты өмір салты мен мінез-құлық нормаларына бейімделді.

Осыған байланысты Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр аудандық пробация қызметінің қызметкерлері «Жанұя» отбасын қолдау орталығымен пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғанға психологиялық көмек көрсетті.

Психологпен әңгімелесу кезінде сотталған адам оны толғандыратын мәселелер, өзінің өмірлік ұстанымы туралы айтты.  Сотталған психологпен жұмыс барысында әртүрлі тренингтер, сондай-ақ мотивациялық әңгіме әдісі қолданылды.

Қабылдау соңында сотталған «Жанұя» отбасын қолдау орталығының психологына, сондай-ақ Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің Байқоңыр аудандық пробация қызметінің инспекторына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...